====== "Durmuş sözleri", "Hoş Habar", "Hoş Habar aýdymlary" - Türkmenistanda gürleýän esasy diller(12 den 19) / "Words of Life", ""Good News", "Gospel Songs" - The Major Languages Spoken in Turkemenistan(No.12 to No.19) =====
«
»
Қазақ Қытай - "Жақсы хабар".3gp / Казахский Китай - "Хорошие новости".3gp
3GPP•Epizód kép
Manage episode 354965281 series 3446448
A tartalmat a Turkmenistan Words of Life 2 biztosítja. Az összes podcast-tartalmat, beleértve az epizódokat, grafikákat és podcast-leírásokat, közvetlenül a Turkmenistan Words of Life 2 vagy a podcast platform partnere tölti fel és biztosítja. Ha úgy gondolja, hogy valaki az Ön engedélye nélkül használja fel a szerzői joggal védett művét, kövesse az itt leírt folyamatot https://hu.player.fm/legal.
Gazagystan Hytaý - "Gowy Habar".3gp / Kazakh China - "Good News".3gp // 1 ҚОРЫНТТЫҚТАРГА - ТАРАУ 131 Егер мен адам тілдері мен періште тілдерінде сөйлей білсем, бірақ сүйіспеншілігім болмаса, онда сыңғырлаған қоңырау мен шылдырлаған асатаяқ сияқты боламын. 2 Егерде Құдайдың хабарын жеткізіп, күллі құпияларды біліп, барлық білімді иемденіп, тау қозғайтындай зор сенімге кенелсем, алайда сүйіспеншілігім болмаса, түкке де тұрмаймын. 3 Егер тіпті барлық мал-мүлкімді бейшараларға үлестіріп беріп, жанымды құрбан етіп, тәнімді отқа жағуға қисам, бірақ сүйіспеншілігім болмаса, бұдан да маған келер пайда жоқ. 4 Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді, Ол еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды. 5 Сүйіспеншілік не жүгенсіз, Не өзімшіл, не ашушаң емес, Ол кек те сақтамайды. 6 Сүйіспеншілік әділетсіздікті құптамайды, Қайта, ақиқатқа қуанады. 7 Ол әрдайым қорған болып, ұдайы сенеді, Үмітін еш үзбей, бәріне де шыдайды. 8 Сүйіспеншілік ешқашан да сарқылмайды. Құдайдың хабарын жеткізу тоқталар, Бөтен тілдер сарқылар, Білім дарыны да тоқталар. 9 Себебі біліміміз тапшылау, Құдайдың хабарын жеткізуіміз де шектеулі. 10 Ал жетілгендік келген кезде Шектеулінің барлығы тоқталады. 11 Бала кезімде балаша сөйлеп, Балаша ойлап, балаша пайымдадым. Ер жеткеннен кейін Балалық қасиеттерден қол үздім. 12 Сол сияқты, қазір көргеніміз Айнадағы көмескі бейне іспетті, Ал болашақта бетпе-бет көретін боламыз. Қазіргі білетінім тек қана шектеулі. Алайда Құдайдың өзімді толық білетіні секілді, Мен де сол кезде бәрін толық білетін боламын. 13 Сонымен сенім, үміт, сүйіспеншілік — Осы үшеуі мәңгі қалады. Ал солардың ең бастысы сүйіспеншілік болады.
…
continue reading
72 epizódok